23 тамыз 2017 13:00

"Автобус орнынан жұлқынып қозғалды, әйел адам құлап түсті". Желіде Астанада болған оқиға талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада әйел адам жүріп бара жатқан автобустан сыртқа құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Facebook желісінде бұл оқиға туралы хабарлама пайда болды. 


Астанада әйел адам жүріп бара жатқан автобустан сыртқа құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Facebook желісінде бұл оқиға туралы хабарлама пайда болды. 

"(...) "Сары-Арқа" сауда, ойын-сауық орталығындағы аялдамада автобус орнынан жұлқынып қозғалды, әйел адам сыртқа құлады. Алдамаларда 15 минуттан тұрып, адам жинайды да, бір-бірімен жарысады. Астананың көлік саласында қашан тәртіп болады?", - деп жазыпты Лаура Түсіпбекова. 

Астана әкімдігінің өкілдері әзірге ешқандай шағым түспегенін айтады. 

"Дерек тәртіптік кеңесте қаралып жатыр", - дейді Астана әкімдігінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева. 

Айта кетейік,14 тамызда осыған ұқсас жағдай болған. Автобус аялдамадан шыға бергенде автобустан 16 жастағы қыз құлап қалған. Оны қалалық ауруханаға алып кеткен. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети