Автобуспен соғысқан Gelandewagen тізгінінде Алматы прокуратурасының қызметкері болған

11 Мамыр 2017, 20:10
1
Автобуспен соғысқан Gelandewagen тізгінінде Алматы прокуратурасының қызметкері болған - ©  "Территория происшествий"
© "Территория происшествий"

Алматыда № 63 бағытында жүретін автобус соғысқан Mercedes-Benz G-класс тізгінінде Алматы прокуратурасының қызметкері болған. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қалалық прокуратурадағылар мәлімдеді. 

"Шынымен де Mercedes-Benz G-класс тізгінінде Алматы прокуратурасының қызметкерлерінің бірі болған, ол 2017 жылдың 2 мамырынан бастап еңбек демалысында жүрген", - деді Алматы прокуратурасындағылар.

Қазіргі уақытта Алматы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік қызметі қызметтік тексерісті бастап кетті. Сонымен қатар, жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен екі жасар қыз, қалалық құзырлы органның мәліметінше, жол талғамайтын көліктің салонында болған. Оның жағдайын дәрігерлер ауыр деп бағалаған, ол кеуде тұсынан жарақат алып, бассүйек миы зақымдалған. 

Алматы прокуратурасының мәліметінше, 11 мамырда Mercedes көлігі Райымбек даңғылымен шығыс бағытта келе жатып, Потемкин көшесімен (Тілендиев көшесіне жақын маңда) қиылысатын жерде оңға маневр жасау кезінде № 63 бағытында жүретін Yutong маркалы автобусқа соғысқан. Қоғамдық көлік те шығыс бағытқа арнайы автобустарға арналған жолақпен кетіп бара жатқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан қоғамдық көліктің 17 жолаушысы және Mercedes автомобилінің ішінде отырған сәби әртүрлі жарақат алған. Зардап шеккендердің барлығы қалалық аураханаларға жеткізілді.

Жол апаты дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша жүргізіліп жатыр.  

Еске салайық, бүгін жол-көлік оқиғасы Райымбек даңғылының бойында Тілендиев көшесімен қиылысқан тұста болды. Көптеген куәгерлердің айтуынша, № 63 бағытында жүретін қоғамдық көліктің жүргізушісі шығыс бағытта автобустарға арналған арнайы жолақпен келе жатқан. Осы бағытта келе жатқан Mercedes-Benz G-класс Тілендиев көшесіне жетпей Потемкин көшесіне өту үшін дереу бұрылған. Соғысу салдарынан Mercedes-Benz G-класс 20 метрге ұшып кеткен, ал жолаушылар автобусы бағанға соғысқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, жол апатының салдарынан 15 адам зардап шеккен, оның ішінде автобустың да, жеңіл көліктің де жүргізушісі бар. Барлығы ауруханаға жеткізілген.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай