Аягөз ауданының Қопа ауылын еріген қар суы басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аягөз ауданының Қопа ауылын еріген қар суы басып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 26 наурыз күні қардың күрт еруінен 18 үй су астында қалған. Адамдардың өміріне қауіп жоқ.
"70-ке жуық адам өздігімен туыстарының үйіне көшті. Төтенше жағдай болған орында арнайы комиссия құрылып, су басып қалған үйлер тексеріліп жатыр. Қазіргі таңда суды бұрып жіберу жұмыстары аяқталды, судың қайта басу қаупі жоқ. Төтенше жағдай салдарын жоюға 40 адам мен 4 техника жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағанды облысының алты ауылы мен бір қаласын еріген қар суының басып қалғаны хабарланған болатын. Қарағанды облысындағы су тасқының салдарынан Шет ауданындағы Ағадыр - Ортау - Өспен жолдарын су шайып, Жаңаарқа ауданы Атасу станциясындағы көшелер мен үйлердің аулалары, Қарқаралы ауданының төрт ауылы мен Шет ауданының бір ауылы су астында қалды. Сонымен қатар, Қаражал қаласының бес қабатты үш үйі мен бірқатар көшесін еріген қардың суы басып қалды.