18 мамыр 2015 15:03

Аягөзде ойнап жатқан бүлдіршінді лақтырып жіберген ер адам әскери болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Youtube.com кадры Youtube.com кадры

Аягөздегі көшеде ойнап жатқан бүлдіршінді лақтырып жіберген ер адамның төбелесіп қалған балалардың бірінің әкесі екені анықталды, - деп хабарлайды Yk-news.kz. Жәбірленген бала қазір аудандық аурухананың ота жасау бөлімшесінде жатыр.


Аягөздегі көшеде ойнап жатқан бүлдіршінді лақтырып жіберген ер адамның төбелесіп қалған балалардың бірінің әкесі екені анықталды, - деп хабарлайды Yk-news.kz. Жәбірленген бала қазір аудандық аурухананың ота жасау бөлімшесінде жатыр.

Аягөз қалалық әскери прокуратурасы бүлдіршінді лақтырып жіберген ер адамның әскери бөлімде қызмет ететінін растады. Әскери прокурор Рүстем Ходжаевтың айтуынша, аталған деректерге сәйкес "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. "Ол төбелесіп қалған балалардың бірінің әкесі. Болған оқиғаны толық тексеретін боламыз. Осыған дейін "Оңтүстік" әскери бөлімінде мұндай жағдай болған емес. Балалар төбелесіп қалатын сәттер болып тұрады, дегенмен, ата-аналар бұл мәселеге байыппен қарайды", - деді Рүстем Ходжаев.

Оның айтуынша, жәбірленген бала әжесімен бірге тұрады. "Біз баланың әжесіне видеоны көрсеттік, баланы дәрігерге апаруға кеңес бердік. Ол немересінің жайын білмеген", - деді ол.

Еске сала кетейік, Аягөзде ер адамның екі бүлдіршіннің ойынына араласып, бірін басынан көтеріп алып жерге лақтырып жібергені хабарланған болатын. Осыдан бірнеше күн бұрын Интернетте пайда болған видео әлеуметтік желі қолданушыларының наразылығын туғызды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети