27 мамыр 2024 | 17:59

Әйелімен жанжалдасып, үйін жарып жіберген 95 жастағы зейнеткер қаза болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры

Петропавлда үйін жарып жіберген зейнеткер қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Петропавлда үйін жарып жіберген зейнеткер қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне СҚО денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты. Зейнеткер 26 мамырға қараған түні қайтыс болған.

Қарияның денесінің 60 пайызын күйік шалған. Дәрігерлердің сөзінше, мұндай жағдайларда тері некрозы (дене тіндерінің бұзылуы) болады.

Еске салайық, Петропавлда әйелімен жанжалдасқан қария өзін өлтірмек болып газ баллонын жарып жіберген болатын. Көршілері оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Олардың айтуынша, зейнеткер бақшасына картопты кімнің отырғызғанын ұмытып қалып шу шығарған көрінеді.

Жанжал қала шетіндегі жер үйде болған. Көршілері екі рет гүрс еткен жарылысты естіген. Осы сәтте баспананың күлі көкке ұшып, өрт тұтанған. Жанұшырып жүгірген қарияның әйелі көршілерден көмек сұрапты. Әжейді 94 жастағы зейнеткер әбден сабап тастаған екен. Денесінде сау тамтығы жоқ ол қарияның газ баллонын жарғалы жатқанын айтқан. Көршілері полиция мен өрт сөндіру қызметіне хабар берген. Олар келгенше, үй түгел жанып кетті.

Ал газ баллонын жарған үй иесі басын аман алып шығып, қораға тығылып үлгеріпті. Оны құтқарушылар жедел жәрдемге тапсырған. Зейнеткер сол сәтте есін білгенімен, ауруханаға келген соң жағдайы нашарлап, жансақтау бөліміне жатқызылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Пройти опро
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.81  course up  542.31  course up  5.25  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer