15 қазан 2021 14:45

Балабақшада бүлдіршінді жертөлеге қамап қойған тәрбиеші кешірім сұрады

Фото: Almaty.tv Фото: Almaty.tv

Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Құркелес ауылдық округіндегі "Ақ көгершін" балабақшасының тәрбиешісі 5 жасар баланы жертөлеге қамап қойған, - деп хабарлайды Almaty.tv


Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Құркелес ауылдық округіндегі "Ақ көгершін" балабақшасының тәрбиешісі 5 жасар баланы жертөлеге қамап қойған, - деп хабарлайды Almaty.tv

Ал жертөледе ешқандай қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Онда тіпті от жағатын орын да болған.

"Сол күні менің үлкен баламның туған күні болған еді. Таңертең саябаққа апармақ болып, балаларымды алып кетуге келдім. Екінші баламды топтан алып келейін деп үлкен топқа бара жатсам, жертөледен дауыс шығады.   "Нұрислам" деп айқайласам, баламның дауысы жертөледен шығады, сонда қамалып отыр. Содан сіздерді шақырдым. Бұл жерде бастық кім десем, қамап отырған кісі "Мен" деді де, есікті құлыптап алды", - деді Сарыағаш ауданының тұрғыны Жәмилә Рахым.

Жағдайды өз көзімен көрген баланың анасы құқық қорғау орындарына арызданған. Алайда балабақша тәрбиешісі өзінің кінәсін мойындап, баланың ата-анасынан кешірім сұрапты. Ал балабақша құрылтайшысы бұл мәселе бойынша шара қолданылатынын айтты. Осы оқиғадан кейін тәрбиеші жұмыстан шығарылған.  

"Мені кешіріңіздер. Барша халықтан кешірім сұраймын. Баланы жертөлеге кіргізгенім рас. Бәріңіз кешіріңіздерші, өтініш сіздерден. Мұндай жағдай бұдан кейін болмайды", - деді "Ақ көгершін" балабақшасының тәрбиешісі Гүлмира Мұстафаева.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети