Балалар үйінде шыққан өрт: Тәрбиеленушінің қабырғасы сынған

22 Қараша 2016, 13:47
0
Балалар үйінде шыққан өрт: Тәрбиеленушінің қабырғасы сынған -

Құрылыс бригадалары өрт салдарынан қираған облыстық балалар үйінің ғимаратын жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлова хабарлады. 

"Облыстық балалар үйі 280 орындық. Өрт кезінде 154 тәрбиеленуші іште болған. алматы қалалық ТЖД мен персонал қызметкерлерінің дер кезінде жасаған әрекеттерінің арқасында балалар эвакуацияланды. Балалар үйінің ғимараты екі блокқа бөлінген - біреуі үш қабатты, екіншісі төрт қабатты. Өрт үш қабатты ғимараттан шықты. Қазір балалар төрт қабатты блокта. Жұмыс штат тәртібінде жүріп жатыр", - деді Базарқұлова.

Сонымен қатар, білім басқармасының басшысы өрт кезінде жарақат алғандар жайлы мәлімет берді. "Эвакуация кезінде төрт бала жарақат алды, олар №1 қалалық ауруханаға жеткізілді. Олардың бірінің қабырғасы сынған. Үшеуі ертең ауруханадан шығарылады", - деді басшы.

Алайда балалар үйінің жұмысшысы зардап шекті деген қауесет жоққа шығарылды. "Балалар үйінде қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. Оны "Дәулет Серпін" ЖШС жүргізіп жатыр. Жұмысшылар ғимаратты тазалап, құрылыс-монтаж жұмыстарына кіріседі", - деді Базарқұлова.

Еске салайық, кеше түнде Бағанашылда балалар үйінде алапат өрт шыққан болатын. Өрт сөндіру кезінде 161 бала мен персоналдың 12 қызметкері эвакуацияланды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай