Алматыда облыстық балалар үйінің басшылығы өрттің мән-жайын айтып берді

23 Қараша 2016, 18:28
0
Алматыда облыстық балалар үйінің басшылығы өрттің мән-жайын айтып берді - © Айнаш Өндіріс
© Айнаш Өндіріс

Таяуда өрт шыққан№ 1 облыстық балалар үйінің басшылығы оқиғаның мән-жайын айтып берді. Директордың орынбасары Әйгерім Мақсұтова Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында қазіргі уақытта ғимарат ішінде жұмысшылар мен құрылысшылардың жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқанын айтып, жөндеу жұмыстары 10 күнде аяқталатынын айтты. 

Сонымен қатар, балалар үйінің әкімшілігі осы жағдайға бейжәй қарамаған тұрғындарға алғыс білдіріп, олардың әзірге балаларға арналған киім-кешекке мұқтаж емес екенін айтады. Барлық керек-жарақты - құрылыс материалдары мен жұмыс күшін әкімдік қамтамасыз еткен. 

Сонымен қатар, балалар үйінде тәрбиелеуші өрт болған кезде бірінші болып жүгіріп шықты деген қауесеттерге байланысты мәлімдеме жасады. Осыған дейін осы балалар үйінің бұрынғы тәрбиеленушісі де осы оқиға жайлы айтып берген болатын.

"Оларға тәрбиеленуші көмектеспесе кім көмектесуі мүмкін? Әр қабатта біздің кезекші тәрбиеші отырады. Әйел адам күйген ыстың иісін иіскеп, балаларды оятып, көтеріп сыртқа алып шыққан. Егер тәрбиелеуші өзі шығып кетіп, балалар қалып қойғанда, не болар еді? Әрине, мұндай болған жоқ", - деді № 1 облыстық балалар үйі директорының орынбасары Әйгерім Мақсұтова. 

"Осыған ұқсас барлық мекемелерде эвакуация жоспары болады. Балалар қалып қойып, тәрбиеленуші өзі шығып кетті деген даулы мәселе. Тәрбиеленуші Бағдат Телеповаға медициналық көмек көрсетілген, ол улы газға тұншығып қалған. Яғни, бұл дегеніміз ол біраз уақыт бойы түтіннің арасында жүріп, өзі уланып қалған", - деп түсіндірді Алматы облыстық әкімдігінің білім басқармасының басшысы Ләззат Базарқұлова. 

Балалар үйінің өкілдерінің нақтыланған мәліметінше, жалпы өртенген ғимараттан 54 бала қауіпсіз жерге көшірілген. Онда негізінен ортаңғы және үлкен жастағы - 11 жастан жоғары балалар болған. Балалар үйінде жалпы 161 тәрбиеленуші бар екен.

"Қазір балаларды басқа корпустарға ауыстырды, бүлінген ғимаратта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылу да, су да, асхана да бар. Барлық балалар жаңа киіммен қамтылды. Негізінен холл мен бірнеше бөлме бүлінген. Эвакуация туралы ажиотаж болған емес. Балаларды бірден медициналық блокқа жеткізген. Барлығына көмек көрсетілді. Тәрбиеленушілер өздерін салмақты ұстады. Жоғарғы сыныпта оқитындар кішкентай балаларға қарайласып жүрді, паника болған жоқ", - деді Әйгерім Мақсұтова. 


Еске салайық, осыған дейін Бағанашылдағы балалар үйінде алапат өрт шыққан болатын. Өрт сөндіру кезінде 161 бала мен персоналдың 12 қызметкері эвакуацияланған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай