23 тамыз 2023 14:55

Балқаш тұрғындары сусыз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейне кадрлары Бейне кадрлары

Балқашта апат салдарынан қала тұрғындары сусыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.


Балқашта апат салдарынан қала тұрғындары сусыз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ekaraganda.kz сайтына сілтеме жасап.

Су қоймасын қаламен байланыстыратын құбыр жарылған. Жұмысшылар жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Балқашта суық суды өшірген. Әкімдік салқын судың тоқтатылатынын тұрғындарға кешке хабарлаған.

"Резервуар мен Балқаш қаласы арасындағы құбырдағы жарылысқа байланысты 23 тамыз сағат 9:00-ге сумен жабдықтауды уақытша тоқтату жоспарланған. Көрсетілген уақыт кезеңінде жайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін жеткілікті су мөлшерін жинап, дайындалуыңызды сұраймыз", - деп әкімдік қала тұрғындарына үндеу жасады.

Жөндеу жұмыстары 23 тамызда таңертең басталған. Балқаш әкімінің орынбасары Темірхан Айдарханов апат салдары қалай жойылып жатқаны туралы есеп берді.

"Балқаш су" ЖШС жөндеу жұмыс уақыты таңертеңгі сағат 08:00-ден басталады. Барлығы 12 адам, 4 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта су айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, диспетчерлік қызмет жедел режимде жұмыс істейді. Егер жеткілікті мөлшерде су алып қала алмасаңыз, бізге хабарлассаңыз болады. Біз арнайы көлікпен су жеткіземіз. Жөндеу жұмыстарын бүгін сағат 18.00-ге дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді Айдарханов.

Ekaraganda.kz басылымы соңғы уақытта Балқашта су құбырындағы апаттар жиілеп кеткенін атап өтті. Соңғы ірі апат биыл сәуірде болып, қала тұрғындары бірнеше күн бойы суық сусыз қалған.

Қарағанды облысының әкімі Бөлекпаев апаттың коммуналдық қызмет жабдықтары ескіріп, оның тапшылығына байланысты болғанын айтып, қала тұрғындарынан кешірім сұрады. Өңір басшысы апат себептерін анықтап, жағдайдың қайталанбауы үшін қажетті шараларды қабылдауды талап етті.

Кейін Балқаш қаласының әкімі ауысып, жаңа әкім Сапар Сатаев болды. Ресми мәліметтер бойынша, Балқаштың бұрынғы әкімі Қайрат Қамзин басқа жұмысқа ауысуына байланысты атқарған қызметінен босатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети