01 наурыз 2024 10:06

Балықшыларды көмекке шақырған: 7 жасар астаналық досының өмірін сақтап қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Астанада балықшылар мұз ойылып, суға құлаған 7 жастағы баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД мәліметіне сілтеме жасап.


Астанада балықшылар мұз ойылып, суға құлаған 7 жастағы баланы құтқарып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ПД мәліметіне сілтеме жасап.

Оқиға бойынша "102" жедел арнасына Есіл өзенінің жағалауында балықшылар кәмелетке толмаған баланы судан алып шыққаны туралы хабар түсіп, жедел түрде автопатруль жіберілген.

"Түскі астан кейін 7 жастағы бала досымен жағалау бойымен серуендеуге барып, ойнап жүріп мұзға шыққан. Бір кезде мұз жарылып, балалардың бірі суға құлап кеткен. Жақын жерде балықшыларды көрген бала оларға жүгіріп барып, болған жағдайды айтып көмек сұраған. Әп-сәтте суға батып бара жатқан балаға балықшылар дереу жеткен. Көмекке келген адамдардың жедел жасаған әрекетінің арқасында, құлаған бала құтқарылып, кейін жедел жәрдем шақырылған", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта баланың жағдайы жақсы.

"Астана Полиция департаменті ата-аналарға балаларымен мұзға шығудың қауіптілігі туралы ұдайы айтып отыруды ескертеді. Балаңыздың бос уақытын қайда өткізетініне қызығушылық танытып, олардың қауіпсіз аймақта жүргеніне көз жеткізгеніңіз абзал. Сондай-ақ, мұндай мұзды аумақта серуендеуден бас тартқаныңыз дұрыс", - делінген хабарламада.

Сарыарқа ауданы ПБ полиция бөлімінің бастығы Қадыр Малғаздаров досының суға батып бара жатқанын көріп, балықшыларды көмекке шақырып үлгерген 7 жастағы Пусь Дархан атты балаға ризашылығын білдіріп, марапатын ұсынды.

Сондай-ақ, суға батып бара жатқан баланы құтқарған батырлардың бірі балықшы Абдужапбар Абдураимовқа да бағалы сыйлық қол сағат табыс етілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети