Бапкердің баланы ұрғаны түсірілген видеоны полиция тексеретін болады

09 Қазан 2014, 12:29
0
Бапкердің баланы ұрғаны түсірілген видеоны полиция тексеретін болады - ©Тengrinews.kz
©Тengrinews.kz

Полиция гимнастика жаттығуында бапкердің баланы ұрып-соққаны түсірілген видеоны тексеретін болады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Құқық қорғау органы қызметкерлері видеоматериалды тексергеннен кейін қабылданатын шаралар туралы хабарлайтын болады.

Еске сала кетейік, бұл бейнежазба Интернетте 8 қазан күні пайда болған еді. Одан көркем гимнастика бойынша кішкентай қыздар тобының жаттығуын көруге болады. Кадрден бапкер әйелдің кішкентай қызға қатты зекіп жатқаны және оны басынан, мойны мен арқа тұсынан бірнеше рет ұрғаны көрініп тұр. Видеоның сипаттамасында оқиға Алматыдағы Жарылғапов атындағы спорт кешенінде болды деп жазылған. 

Видео авторының айтуынша, бапкер "осындай әдіспен чемпиондарды тәрбиелеймін, ата-аналар біледі" деп отыр. Жарылғапов атындағы спорт кешенінің басшылары бұл жаттығуларға қатысымыз жоқ, біз спорт залын жалға бергенбіз деп мәлімдеді. Ал Қазақстан гимнастика федерациясы жазбаны тексеріп, тиісті шара қолдануға уәде берді. Айта кетейік, баланы ұрып-соққан бапкер түсірілген видео Интернетте қызу талқыланып жатыр.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай