25 тамыз 2017 | 09:53

Бәрі ұйықтап жатқанда үйден шығып кеткен. Полицейлер екі жасар баланы іздестіріп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Алматының Алатау ауданында жоғалып кеткен екі жасар баланы полицейлер осымен екінші тәулік іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бала үйдегілер ұйықтап жатқанда сыртқа шығып кеткен. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Алматының Алатау ауданында жоғалып кеткен екі жасар баланы полицейлер осымен екінші тәулік іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бала үйдегілер ұйықтап жатқанда сыртқа шығып кеткен. 

24 тамызда қалалық ІІД-нің Жедел басқару орталығына "Шаңырақ-2" ықшамауданындағы үйлердің бірінен екі жасар баланың шығып кетіп, жоғалғаны жайлы хабар түскен. 

"Жедел тергеу тобы құрылып, құрамына криминалдық полиция, учаскелік инспектор және ювенал полициясының өкілдері кірген мобильді топтар құрылды. Шешесі баласы 2015 жылғы Есімхан Аниздың жоғалғанын күндізгі 11-лерде анықтағанын айтты. Айтуынша, үйдегілер ұйықтап жатқанда бала шығып кетіп, сол күйі оралмаған. Полицияға хабар бергенге дейін туыстары оны өздері табуға тырысқан, алайда таба алмаған. Қазіргі уақытта жоғалған баланы табуға жедел іздестіру шаралары жүріп жатыр", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Баланы іздестіруге алматылық полиция гарнизонының бүкіл құрамы көтерілді. Сонымен қатар, ІІД өкілдері қаладағы азаматтарға Есімхан Аниздың қайда екені жайлы мәлімет білетіндерден 227-55-00; 227-55-01; 227-55-02 227-55-39, 8-707-470-17-01, 8-775-225-79-76, 8-778-468-95-08, 8-702-284-11-13, 8-702-561-15-98 немесе 102 телефон нөмірлеріне хабарлауды сұрап отыр. 

Баланың белгілері: бойы 70-80 см, дене бітімі орташа, шашы қара, көзі қара, мұрны орташа, ерні қалың емес, құлағы қалқиған, қастары доға тәрізді. Ақ свитер мен көк аяқ киім киген. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 528.71  course up  540.46  course up  5.18  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer