Павлодарда ер адам сәл болмағанда опат бола жаздады, оның үстіне 11 қабаттан әйел адам құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодарда ер адам сәл болмағанда опат бола жаздады, оның үстіне 11 қабаттан әйел адам құлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жоғарғы қабаттан әйел адам құлаған уақытта ер адам текпешекпен жоғары көтеріліп бара жатқан. Соққыдан ер адамды бір жаққа лақтырып жіберген, ал әйелдің денесі темір ұстағыш бөліп түсіп, үйдің кіреберісіне құлаған.
"Жұмыстың алдына темекі шегуге шықтым. Шегіп болысымен, ішке кірейін деген кезде айғайлаған дауыс естім. Басымды көтерейін дегенде иығымнан соққы алдым. Отырып қалдым, менің үстіме адам құлады. Бір кезде ауыра бастады, тез тұрдым. Жедел жәрдем мен полиция келді. Мені қарап шығып, барлығы дұрыс екенін айтты", - дейді өзін Андрей деп таныстырған жігіт.
Ер адам осы үйдегі кеңселердің бірінде жұмыс істейді. Павлодарлықтың айтуынша барлығы да қас-қағым сәтте болған. Құтқару қызметінің мамандары Андрейдің жолы болғанын айтады.
Оқиға болған үйдің тұрғындары қаза болған әйелдің бұл үйде тұрмағанын айтады. "Ол біреумен келіп, 11-ші қабатқа көтеріліп, сол жерден құлап кеткен", - дейді тұрғындар.
"Қарызы барлар, несиесі барлар, емтиханды сәтсіз тапсырғандар немесе жауапсыз махаббатың құрбаны болғандар осында келіп секіреді. Кіріп шыққанда басыңа біреу түсіп кетпесін деп алаңдаумен жүретін болдық. Біз үйден тек пандус арқылы шығамыз", - дейді тұрғындар.
Еске салайық, Павлодарда 50 жастағы әйел 11-қабаттан құлап кетіп, оқиға орнында мерт болды.
Павлодарда әйелдің мәйітін 16-үйдің ауласынан тапқан. Өңірлік ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 24 шілдеде кешкі уақытта болған. Әйел адам балконнан құлап кеткен.