15 ақпан 2023 10:17

"Басын футбол добындай тепті". Алматыда заңгерлер соққыға жығылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда танымал заңгер соққыға жығылды. Оқиға туралы жәбірленуші Олег Черновтың әйелі, заңгер Анна Димитриевич айтты. Ол да сол жерде болған және жарақат алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда танымал заңгер соққыға жығылды. Оқиға туралы жәбірленуші Олег Черновтың әйелі, заңгер Анна Димитриевич айтты. Ол да сол жерде болған және жарақат алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Алматыдағы мейрамханалардың бірінің маңында кешкі уақытта болған.

Әйелдің айтуынша, күйеуі екеуі таксиге кетіп бара жатқанда, оларға бір жігіт жүгіріп келіп, соққыға жығылған қызға көмектесулерін сұраған.

"Бізден бірнеше метр жерде бір жігіт қызды шынымен, ұрып жатты. Біз ойланбастан жүгіріп барып, оны тоқтатуға тырыстық. Мені ұстап алып, "Көмектесіңізші! Көмектесіңізші!" дегені әлі есімде. Сосын жігіт бізге көшті. Олег соққыдан құлап қалды. Орнынан тұрайын дегенде, тебе жөнелді. Ол Олегтің басын футбол добындай тепті. Мен шабуылдаушыны тоқтатуға тырыстым, бірақ ол жағымнан күшпен ұрғанда, соққыдан ұшып кетіп, асфальтқа құлап, есімнен танып қалдым. Енді есімді жиғанда, полиция да келді", - деп жазды Димитриевич Facebook-парақшасында.

Қазақстандық заңгерлер шабуыл жасаған адамның Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы екенін айтты. Алматы полициясы күдіктінің кім екенін айтпады, бірақ оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Алматы Полиция департаменті бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексі 293-бабы - "Бұзақылық" бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлайды. Қылмыстық іс бойынша алғашқы тергеу әрекеттері жүргізілді, сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта күдікті әскери адам болғандықтан, іс материалдары соттылығын анықтау үшін қалалық прокуратураға жіберілді", - деді Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети