29 желтоқсан 2014 16:17

Батыс Қазақстанда қызметін асыра пайдаланған колония бөлімінің басшысы тұтқындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото mail.ru сайтынан алынды Фото mail.ru сайтынан алынды

Батыс Қазақстан облысында қызметін асыра пайдаланған колония бөлімінің басшысы ұсталды, - деп хабарлайды "Мой город" Батыс Қазақстан облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің аға инспекторы Қайрат Жантулинге сілтеме жасап.


Батыс Қазақстан облысында қызметін асыра пайдаланған колония бөлімінің басшысы ұсталды, - деп хабарлайды "Мой город" Батыс Қазақстан облысы қылмыстық атқару жүйесі департаментінің аға инспекторы Қайрат Жантулинге сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қаржымен қамсыздандыру бөлімінің басшысы қызметін асыра пайдаланып, шыққан шығынды мекеме қызметкерлерін бүркеніп жасырмақ болған. 26 желтоқсан күні кешке жедел іздестіру шарасы барысында БҚО ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері колонияның қаржымен қамсыздандыру бөлімінің есепшісі мекеме қызметкерінен 85 мың теңге алғаны туралы деректі анықтады. 

"Қараша айында БҚО ІІД бақылау-тексеру тобы облыс мекемелерінде кешенді тексеру жұмыстарын жүргізді, нәтижесінде колонияның қаржымен қамсыздандыру бөлімінің бас есепшісі қызметін асыра пайдаланып, өзі жұмсаған 385 мың теңгені мекеме қызметкерлеріне сыйлықақы ретінде берілді деп есеп бермекші болғаны анықталды", - деді Жантулин.

Аталған факт бойынша БҚО ІІД өзіндік қауіпсіздік басқармасы "Қызметін асыра пайдаланып, өзі және басқа тұлғалар үшін пайда табу мақсатында заңсыз әрекеттерге бару немесе жеке тұлғаға немесе ұйымға зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазір алдын ала тергеу амалдары жүріп жатыр. Бейресми мәліметтер бойынша, бұл қылмыс РУ-170/2 жалпы тәртіптегі колонияда болған.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети