Байқоңырда жоғалған баланың неден қайтыс болғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Байқоңырда жоғалған баланың неден қайтыс болғаны анықталды Фото: Facebook.com/Нұржан Рахметов

Бір күн бұрын Байқоңырда жоғалып кеткен жеті жасар Ерхан Анастың өлімінің себебі аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір күн бұрын Байқоңырда жоғалып кеткен жеті жасар Ерхан Анастың өлімінің себебі аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресей тергеу комитеті баланың денесі Байқоңырдан 500 метр қашықтағы Сырдария өзеніндегі қалқыма көпірден жоғары мұз жиегінде табылған.

Оқушының денесінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Ол суға батып кеткен.

"Сот-медициналық сараптама өлім себебі суға батуға байланысты механикалық асфиксия болғанын анықтады. Мәйітте басқа дене жарақаттары жоқ. Ерхан Анасқа қатысты зорлық-зомбылық жасалғаны туралы деректер жоқ", - деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатыр, сондай-ақ авиациялық техника, сүңгуірлер, Байқоңыр тұрғындары, еріктілер жұмылдырылған екінші баланы іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Айта кетейік, 20 ақпанда Байқоңырда "Маяк" спорт кешенінде өткен жаттығудан кейін екі жеті жасар бала жоғалып кеткені хабарланған еді. Ресей тергеу комитеті екі жас баланың жоғалып кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Келесі күні Қызылорда облысы ТЖД балалардың бірі - жеті жасар Ерхан Анастың денесі Сырдария өзенінен табылғаны хабарланды. Екінші баланы іздестірумен ресейлік және қазақстандық құқық қорғау органдары айналысып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети