1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Байқоңырда жоғалған балалардың бірі өлі табылды 21 ақпан 2021, 15:29

Байқоңырда жоғалған балалардың бірі өлі табылды. Бұл туралы Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментіндегілер хабарлады. Екінші бала
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Facebook.com/Нұржан Рахметов Facebook.com/Нұржан Рахметов

Байқоңырда жоғалған балалардың бірі өлі табылды. Бұл туралы Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаментіндегілер хабарлады. Екінші бала іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бір баланың денесін таптық. Мамандар мән-жайды анықтап жатыр. Екінші баланы іздеп жатырмыз", - деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.

Байқоңыр қаласының прокуроры Нұржан Рахметов бұл ақпаратты растады. Ол іздеу операциясы қалай жүріп жатқанын Facebook желісіндегі парақшасында бөлісті.

"Іздеу жалғасуда. Таңертеңгісімен РФ және ҚР полициясы еріктілермен бірге топтарға бөлініп, қаланы аралауға кірісті. Қазіргі уақытта судан құтқарушылар өзенді қарауда. Прокуратура және Тергеу Комитетінің ресми жарияланымдарынан ахуалды бақылауды сұраймыз және қуатталмаған мәліметке сенбеуге шақырамыз", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Байқоңыр қаласында 20 ақпанда жеті жасар екі бала жоғалып кеткені хабарланған еді. "Маяк" спорт кешенінен жаттығудан шыққан екі бала жоғалуына байланысты Ресейдің Тергеу комитеті балалардың жоғалу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!