1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Байқоңырда жеті жасар екі бала жоғалып кетті 21 ақпан 2021, 13:14

Байқоңыр қаласында 20 ақпанда жеті жасар екі бала жоғалып кетті. Балаларды ресейлік және қазақстандық құқық қорғау органдары іздеп жатыр, -
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Байқоңыр қаласында 20 ақпанда жеті жасар екі бала жоғалып кетті. Балаларды ресейлік және қазақстандық құқық қорғау органдары іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасына сілтеме жасап.

20 ақпанда "Маяк" спорт кешенінен жаттығудан шыққан екі бала жоғалып кетті. Ресейдің Тергеу комитеті балалардың жоғалу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Осы уақытқа дейін балалардың қайда екені белгісіз.

"Байқоңыр" кешенінде жұмыс істейтін ресейлік және қазақстандық құқық қорғау органдары, Байқоңыр қаласының әкімшілігі және өзге де уәкілетті органдар жоғалған балалардың орналасқан жерін, мән-жайын егжей-тегжей анықтап жатыр. Қылмыстық істің тергеу барысын кешен прокуроры ерекше бақылауға алды", - деп мәлімдеді "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасындағылар.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Firebase Cloud Messaging