25 желтоқсан 2019 09:21

Белгілі қоғам белсендісі Ислам Угушев бес тәулікке қамалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook/Ислам Угушев © facebook/Ислам Угушев

Алматыда белгілі қоғам белсендісі, Қоғамдық қауіпсіздік кеңесінің басшысы Ислам Угушев бұзақылық жасағаны үшін бес тәулікке қамалды. Бұл туралы ол кеше, 24 желтоқсанда Facebook желісіндегі парақшасында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әркім өз ісі үшін жауап беруі керек. Мен де солай істеуім керек", - деді Угушев әкімшілік сотта түсірген видеосында.

"Олай істеген себебім мен жақын адамдарымды қорғап қалуым керек болды. Эмоцияға беріліп, қызды итеріп жібердім, былапыт сөздер айттым. Қате жасағанымды білемін. Барлығы әділ. Сол үшін бес тәулікке қамады", - деді қоғам белсендісі.

Таяуда Угушев тікелей эфирде сот отырысының қалай жүріп жатқанын айтып берген болатын. Оның айтуынша, осыдан екі апта бұрын ол жанжалдасып, қызды итеріп жіберген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети