09 қыркүйек 2016 16:58

Белгісіз біреулер 15 жастағы оқушы қыздың жыныстық қатынасқа түскен видеосын Желіге жариялап жіберген

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com © vk.com

Желіде жас жігіт пен 15 жастағы мектеп оқушысы арасында болған жыныстық қатынастың видеосы пайда болды, - деп жазады L!FЕ.


Желіде жас жігіт пен 15 жастағы мектеп оқушысы арасында болған жыныстық қатынастың видеосы пайда болды, - деп жазады L!FЕ.

Видеожазбадағы қыздың айтуынша, түсірілім кезінде ол мас болған және онда не болып жатқанын өзі де түсінбеген. 15 жастағы Елизавета Б. есімді қыз басылымға берген сұхбатында бұл видео жас жігітпен танысқан жерде түсірілгенін айтты.

"Мен оларға бұл видеоны түсіруге және оны Интернетке жүктеуге рұқсат берген жоқпын. Мен видеоны өшіруді сұраған болатынмын. Сонда олар менің бұл өтінішімді орындауы үшін олармен тағы да жыныстық қатынасқа түсуімді сұрады. Бірақ мен қарсы болдым. Мен бұл туралы ата-анамның білгенін қаламас едім", - деді Елизавета.

Айта кетейік, 15 жастағы қыз құқық қорғау органдарына өтініш жазудан бас тартып отыр. Оның айтуынша, видеоны түсіріп жатқан сәтте ол мас болып, онда не болғанын да білмейді. Ал видеожазбаны Елизавета Желіден бірақ көріпті.

Қазіргі уақытта қыздың Новосибирскідегі мектептердің бірінде 9-сыныпта оқитыны белгілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети