24 наурыз 2014 21:56

БҚО-да ағайынды екі бала сайға жиылған суға құлап мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурте: mgorod.kz Сурте: mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысында ағайынды екі бала су жиылған сайға құлап мерт болды, деп хабарлайды "Мой город" порталы. Жазатайым оқиға 22 наурыз күні Ақжайық ауданының Бударино ауылында болған. Мерт болған баланың бірі дәл сол күні 10 жасқа толған. Бүгін, 24 наурыз күні Бударино ауылында 12 жасар Азамат пен 10 жасар Наурыз Нұрсұлтановтарды жерледі. "22 наурыз күні менің ұлым Нұржан үсті-басы су, жылап тұрып суға құлап қалғандығын айтты", - айтты дейді дәл сол күні су жыйналған сайға құлап, аман құтылған үшінші баланың әкесі Нұрболат Нұрсейілов. "Ол маған онымен бірге суға Азамат пен Наурыздың да суға құлағанын айтты. Мен етігімді кие сала балам нұсқаған жерге жүгіріп бардым. Ол жер менің үйімнен шамамен 800 метр қашықтықта орналасқан. Бірақ, мен ол жерді бірден таба алмадым. Сол кезде жұбайыма қоңырау шалып, Нұржаннан дәл қай жер екенін айтуын сұрадым. Балам жолға қарай бару керек екенін айтты. Мен шамалы жүріп, бір жерде мұздың ойылғанын байқап, сол жерден екі баланың жатқанын көрдім. Суға сүңгіп, астына кіріп кеткенімде терең екенін байқадым. Мен балаларды мұз бетіне шығарып алып, өзім судың ішінде тұрып жасанды дем беру жасадым. Кейін оларды итеріп, жағаға қарай шығаруға кірістім. Сол кезде жұбайым келіп, баларды жағаға шығарып алды. Әйелім кішісіне де үлкеніне де көмек көрсетті. Бірақ, олар есін жия алмады. Мен жолға жүгіріп шығып, машина тоқтатып, балаларды Чапаеводағы немесе қаладағы емханаларға жеткізуге тырыстым. Бірақ, етігім суда қалып, жалаңаяқ жүгіріп кеткендіктен олар мені маскүнем деп ойлап, тоқтамады. Жолдың қақ ортасында тұрдым. Дегенмен, ешбірі де тоқтамай, мені айналып өтіп кетіп жатты", - дейді Нұрболат Нұрсейілов. Бұл азаматтың айтуынша, арада біраз уақыт өткен соң жол талғамайтын көлік тоқтапты. Балаларды машинаға салған кезде жедел жәрдем де келіп жеткен. Бірақ, балаларды құтқара алмаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети