1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

БҚО-да көлік апатынан екі адам тірідей жанып кеткен 25 қазан 2021, 11:19

Орал-Атырау тас жолында болған ауыр апат екі адамның өмірін қиды. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы Атамекен ауылының маңында Lada
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Орал-Атырау тас жолында болған ауыр апат екі адамның өмірін қиды. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы Атамекен ауылының маңында Lada Vesta және Lada Priora көліктері бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан автокөліктер өртенген. Lada Priora автокөлігінің ішінде болған екі адам жанып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Орал-Атырау жолының 209-шақырымында "Lada Vesta және Lada Priora автокөліктері бетпе-бет соқтығысқан. Соның салдарынан автокөліктер өртенген. Lada Priora автокөлігінің ішінде болған екі адам жанып кетті", – делінген БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от PoliceWestKaz🇰🇿 (@policebqo)

БҚО полиция департаменті түрлі жарақаттармен болған апат салдарынан Ақжайық аудандық ауруханасына 31 жастағы ер адам мен оның 30 жастағы әйелі жатқызылғанын хабарлады.

"Қаза болғандардың денелері сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі "көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама тағайындалды",-деді БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram