15 маусым 2021 22:28

БҚО-да көлік аударылды: үш адам жарылысқа бірер сәт қалғанда құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Батыс Қазақстан облысында салонында үш адам отырған автомобиль аударылды. Маңынан көлікпен өтіп бара жатқан полицейлер көмекке ұмтылып, жарылысқа бірер сәт қалғанда үш жолаушыны да көліктен шығарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Желаево ауылының маңындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан автомобиль аударылып кетті. Бұл уақытта патрульдік көлік маңынан өтіп бара жатқан. Полицейлер апат орнына ұмтылып, жүргізуші мен екі жолаушыны алып шықты. Бірнеше секундтан кейін көлік жарылды. Полицейлер болмаса көліктегілер қаза табар еді.

Полиция полковнигі Арман Сарбалинов пен полиция аға лейтенанты Александр Калиничев көлік жарылып, өздері зардап шегуі мүмкін екенін біле отырып, өз өмірін қауіп-қатерге тігіп, адамдарды құтқарып қалды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Құтқару сәті видеоға түсіп қалған:

Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков оқиғаның мән-жайын айтты.

"ЖП экипаждары тәулік бойында қала маңындағы тасжолдарда қызметте жүреді. 15 маусымда сағат таңғы 04:00-де Желаево ауылының маңында LADA Kalina маркалы көлік аударылды. Осы уақытта маңында кетіп бара жатқан полицейлер аударылған көлікке барып, зардап шеккендерді салоннан шығарып алды. Көлік бірден жарылып, өртеніп кетті. Адамдарды құтқарған полицейлер ерлігі үшін қызметте марапатталады", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети