24 қыркүйек 2021 15:51

БҚО тасжолында полиция көлігінің макеті ұрланған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының полицейлері Чапаев-Жалпақтал-Қазталовка тасжолы бойында тұрған патрульдік автокөлік макеті жоғалып кеткенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысының полицейлері Чапаев-Жалпақтал-Қазталовка тасжолы бойында тұрған патрульдік автокөлік макеті жоғалып кеткенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдары макетті жергілікті тұрғындардың бірі ұрлап кеткенін анықтаған.

"Макеттің жоғалып кеткені 23 қыркүйекте түнде анықталды. Жедел іздестіру шаралары кезінде макет табылды. Оны ұрлаған күдікті ұсталды. Ол қырық жастағы ер адам. Бұрын сотталмаған. Тергеу ұрлық себебін анықтап жатыр", - деді БҚО ПД баспасөз қызметі өкілі.

Енді осы факт бойынша ҚР ҚК-ның 188-бабы 1-бөлігі "Ұрлық" бойынша соталды тергеу басталған. Ер адам үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Полиция көліктерінің макеті Қазақстан жолдарында 2019 жылы жол қауіпсіздігі мен көлік жүргізушілері жылдамдықты асырмауы үшін орнатылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 440.97   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети