Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Бірнеше облыста су тасқыны болуы мүмкін

14 Наурыз 2014, 17:32
0
©РИА Новости
©РИА Новости
Алматы облысында су тасқыны қаупіне байланысты ескерту жарияланды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мен "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

"15-16 наурызда жылы температураның фонында және болжанып отырған жауын-шашынға байланысты Алматы облысының аласа таулы өңірлеріндегі жекелеген өзендерде су тасқыны болып, төмендегі учаскелерді басуы мүмкін", - делінген төтенше жағдайлар министрлігінің сайтында. Мамандар бұған дейін Оңтүстік Қазақстан облысында су тасқыны болуы мүмкін екенін хабарлаған.

Гидрологиялық болжамға қарағанда, алдағы тәуліктерде жаңбырдың салдарынан Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында да өзендердің суы көбейіп, тасуы ықтимал.

"Демалыс күндері республиканың көп облысында жауын-шашынды бұлыңғыр ауа райы болады деген болжам бар, жел 15-20 м/с-ке күшейіп, көктайғақ болады, тұман түседі. Қазақстанның оңтүстігі мен батысында қолайлы температураға байланысты түнде де, күндіз де жаңбыр жауады деп күтіледі, ал шығыстың және оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қар көшкіні қаупі сақталады", - деп хабарлайды "Қазгидромет".

Сонымен бірге, Ақмола облысы мен Астана қаласында қатты жел соғатыны ескертілді. 15 наурыз күні өңірде оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Еске сала кетейік, мұның алдында Алматы, Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында қар көшетіні ескертілген болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай