26 шілде 2018 | 15:49

Бурабайда жардан құлап кеткен: Астаналық ер адамның халі нашар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ІІМ ТЖК © ҚР ІІМ ТЖК

Бурабайда жардан құлаған Астана тұрғыны жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Ол ашық бас сүйек миын зақымдап, ауруханаға түскен еді. 


Иконка комментария блок соц сети

Бурабайда жардан құлаған Астана тұрғыны жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Ол ашық бас сүйек миын зақымдап, ауруханаға түскен еді. 

"Қоңырау түскеннен кейін санитарлық авиация шақырылды. Науқасқа ота жасалды, таңертең оның жағдай тұрақты болды, жансақтау бөлімінде жатыр. Негізгі диагноз - бас сүйек миы зақымдалған, политравма да бар. науқас өкпені жасанды желдету аппараты арқылы тыныс алып жатыр, медициналық ұйқыда. Ағзасы жұмыс істеп тұр", - деді Бурабай көпсалалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Сергей Киласьев.

Дәрігердің айтуынша, науқас ауруханада біршама уақыт болады. 

"Қазіргі уақытта оны басқа жерге көшіруге болмайды. Қажетті нәрсенің барлығын істеді, ары қарй тек емдеу шаралары", - дейді ол. 

Еске салайық, Ақмола облысы Бурабай ауданында ер адам құздан құлап, жарақат алды.

"2018 жылы 25 шілдеде 11:28-де департаменттің біріңғай диспетчерлік қызметі басқармасының "112" кезекші бөліміне куәгерден хабарлама түскен. Ол Бурабай ауданындағы Абылайхан жазығы аумағында жарақат алған ер адамның жатқаны туралы айтқан. Оқиға орнына 11:29-да жедел жәрдем мен Ақмола облыстық ТЖД құтқару жасағы жөнелтілді", - делінген хабарламада. 

11:45-те оқиға орнына жеткен құтқарушылар таулы аймақта азамат Т. серуендеп жүріп, құздан құлап жарақат алғанын анықтады. 

"Құтқарушылар алғашқы көмек көрсетіп қауіпсіз аймаққа көшірген. Ары қарай оны ауруханаға алып кеткен", - делінген ТЖК хабарламасында. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети