"COVID-19 жұқтырмасам да, тіркеп қойған". Алматы тұрғыны eGov-тегі жазбаға наразы болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы тұрғыны Евгений Мұхамеджанов "электрон үкімет" egov.kz-тегі жеке кабинетінде көрсетілген жазбаға наразылығын білдірді. Онда оны әйелімен бірге жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған деп көрсетілген. Ол COVID-19 жұқтырмағанын және үкімет жалған ақпарат көрсеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматы тұрғыны Евгений Мұхамеджанов "электрон үкімет" egov.kz-тегі жеке кабинетінде көрсетілген жазбаға наразылығын білдірді. Онда оны әйелімен бірге жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылған деп көрсетілген. Ол COVID-19 жұқтырмағанын және үкімет жалған ақпарат көрсеткенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Евгений Мұхамеджанов "электрон үкіметке" қатысты шағымын Facebook-парақшасында жариялады.

"Достар, еgov.kz-те жеке кабинетіңізді тексеріңіз. Кеше желіде бір оқырман коронавирус жұқтырмағанына және ПТР-сынама тапсырмағанына қарамастан жеке кабинетінде COVID жұқтырған деп жазылғанын айтты. Әйелім екеуміз де тексеріп көрдік. Сөйтсек, екеуміз де коронавирус жұқтырып, ауруханаға жатыппыз. Мен 28 қаңтарда, ал ол 30 қаңтарда ауыруханаға түсіпті. Ауруханаға жатқызу және шығару парғы да бар. Бұл қалай болғаны? Біз бір апта бұрын тест тапсырып, теріс нәтиже көрсеткенін нақты білеміз", - деді Мұхамеджанов.

Евгений Мұхамеджанов жазбасын 2021 жылғы 28 наурыз, жексенбіде жариялаған.

Кейін ер адам шынымен ауруханада жатқаны анықталды. Бірақ емделу үшін емес, оқшауға алынған екен.

"Ол 24 қаңтарда Мысырдан ұшып келген. Соған байланысты COVID-19-ға тексеру үшін ауруханаға жатқызылған. ПТР-сынама жүргізілді, кейін теріс нәтиже анықталып, үйіне шығарылды. Бұл Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесінен eGov-қа автоматты түрде жіберіледі",-деп түсіндірді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

Дегенмен желі қолданушылары Денсаулық сақтау министрлігіне статистиканы қолдан жасау және бюджетті бөлуге байланысты айыптар тақты.

Азаматтардың наразылығы аясында әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Facebook-парақшасында тексеру жүргізетіндерін хабарлады.

"Қор негізсіз жазбаны жоюға мүдделі, сондықтан барлық азаматты көрсетілмеген медициналық қызмет туралы деректерді 1406 байланыс орталығына немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасына хабарлауға шақырады. Өтініш деректері бойынша медициналық сақтандыру қорының сарапшылары тексерістер жүргізеді және дәлелденбеген медициналық қызметтер расталған жағдайда медициналық ұйымдарға қатысты шаралар қолданады. Осы жағдай бойынша қор Жәкенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жоспардан тыс мониторинг жүргізеді", - деп сендірді ӘМСҚ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro