23 маусым 2017 17:32

ІІД өкілдері Ақтауда полицейлермен жұлысқан әйелдің оқиғасын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан скриншот Видеодан скриншот

Ақтауда көліктің мемлекеттік нөмірі үшін әйелдің полицейлермен арпалысқан видеосы Желіде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтауда көліктің мемлекеттік нөмірі үшін әйелдің полицейлермен арпалысқан видеосы Желіде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеодан әйел адамның екі полицеймен жанжалдасып жатқанын көруге болады. Полицейлер әйелден Daewoo Nexia көлігінің мемлекеттік нөмірлерін ала алмай жатқан сияқты. Ақыры полицейлер нөмірді алады, осы кезде әйел полицейлердің қызметтік көлігін бірнеше рет ұрып жібереді. 

Маңғыстау облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің өкілдері бұл оқиғаның 2017 жылдың 7 маусымында Ақтаудың құс фабрикасы маңындағы "Қазмұнайгаз" жанармай бекетіне қарама-қарсы жерде болғанын айтты. 

"Daewoo Nexia" көлігінің 1972 жылы туған жүргізуші бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, жол жүру ережесін бұзды. Полицейлер дауыс күшейткіш арқылы оның тоқтауын талап еткен. Бірақ жүргізуші тоқтамады. Соңынан қуған полицейлер оны жанармай бекеті маңында тоқтата алды. Құжаттарды тексеру кезінде ер адамнан алкогольдің иісі шығып тұрды. Осы кезде салонда отырған ер адамның әйелі күйеуін қорғамақ болды", - дейді полицейлер. 

ІІД өкілдерінің хабарлауынша, ер адам медициналық сараптамаға жеткізіліп, ол жерде оның мас болғаны расталған. Оның үстіне тексеріс барысында ер адам 2014 жылы жүргізуші куәлігінен 4 жылға айырылғаны анықталған. Осылайша, ер адамға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы бойынша іс қозғалды және әкімшілік жауапкершілік бойынша 599-баптың 1-тарауы бойынша хаттама толтырылды. Жүргізушінің әйеліне қатысты да ҚР ҚК-нің 379-бабының 1-тарауы бойынша іс қозғалды. 

"Ол күні көлікті айыппұл тұрағына жеткізу мүмкін болмады, өйткені ер адамның әйелі мемлекеттік нөмірлер ғана емес, көлік кілтін де бергісі келмеді", - дейді баспасөзқызметінің өкілдері. 

 

Подробности не известны

Публикация от 24/7

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети