ІІД өкілдері Алматыдағы ірі жол апатына полицейлердің қатысы жоқтығын айтып отыр

23 Қыркүйек 2015, 11:02
0
ІІД өкілдері Алматыдағы ірі жол апатына полицейлердің қатысы жоқтығын айтып отыр - © Шоқан Алхабаев
© Шоқан Алхабаев

ІІД өкілдері Алматыда ірі жол апатына ұшыраған трамвайдың жүргізушілерінің көлік тежегішін полицейлердің талабы бойынша алып тастағаны жайлы мәліметті жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қалалық ішкі істер департаментінің өкілдері хабарлап отыр. Баспасөз өкілдерінің мәліметінше, тексерістің қорытындысы бойынша, трамвай қызметкерлеріне ішкі істер органдарының қызметкерлері жолды босатуын сұрамаған.

Сонымен қатар, полиция өкілдерінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы туралы хабар "102" пультіне 11.22-де түскен. "Бұл трамвай жүргізушілерінің берген жауабы арқылы, сонымен қатар, Алматы қалалық ІІД Жедел басқару орталығының навигациялық жүйелердің мәліметімен GPS құралы арқылы жол-полициясының экипаждарының орнын және қозғалысын бақылап отыратын мүмкіндігі арқылы расталып отыр. Айта кетейік, пультке бірінші хабар 11 сағат 22 минутта Шевченко көшесінде жүргізушісіз трамвай жүріп бара жатыр деп түсті", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.  

Ал осыған дейін "Алматыэлектротранс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілдері трамвайды көлік кептелісі болғандықтан оқиға орнына жол полициясының қызметкерлері келіп, трамвайды жолдан жылдам алуды сұрағанын айтып берген болатын. Олардың айтуына қарағанда, жүргізуші қоғамдық көлікті жолдан жылдам алып тастау мақсатында дөңгелектегі блокты ықтиярсыз түрде алып тастап, трамвайды көлік аз жерге жеткізбекші болыпты.

Еске сала кетейік, жол-көлік оқиғасы Алматыда 2015 жылдың 21 қыркүйегінде болған еді. Көп ұзамай оқиғаның видеосы да жария болды. Жүргізушісіз қалған трамвай өздігінен жүріп кетіп, 17 автокөлікті соқты. Салдарынан 5 адам жарақат алды. Таяуда олардың жағдайы жайлы дәрігерлер мәлімет берген еді. Куәгерлердің айтуынша, трамвайдың тізгінде ешкім болмаған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай