Дәрігерлер Алматыдағы "Өжет" ықшамауданында болған жол апатынан зардап шеккен әйел мен үш баланың жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дәрігерлер Алматыдағы "Өжет" ықшамауданында болған жол апатынан зардап шеккен әйел мен үш баланың жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2017 жылдың 28 қыркүйегінде сағат 17.44-те Жедел жәрдем станциясының пультіне "Өжет" ықшамауданында болған жол апаты жайлы хабарлама келіп түсті. Жол апаты болған жерге жедел жәрдемнің төрт бригадасы барды. Төрт адам медициналық көмекке жүгінді: олардың үшеуі балалар және ересек адам", - делінген Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сауалға берген жауабында.
Басқарма өкілдерінің мәліметінше, балалар Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына жеткізілген.
"Орталықтың қабылдау бөлімінде жетекші мамандар балаларға қажетті көмек көрсетті. Жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша, бір бала қосарлас жарақат, сол жақ желке бассүйегі, кеуде мен ішкі органдарының зақымы, 1-2 дәрежелі зақымданудан есеңгіру дигнозымен жансақтау бөліміне жатқызылды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы ауыр әрі Орталық жансақтау бөлімінде. Екі бала жабық ми жарақатымен және түрлі деңгейдегі жарақатымен нейрохирургия бөліміне жатқызылды, олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр", - деді басқармадағылар.
Сондай-ақ, басқармадағылар әйелдің шұғыл медициналық жәрдем ауруханасына жабық бассүйек жарақаты, мидың шайқалуы диагноздарымен клиниканың нейрохирургия бөліміне жеткізілгенін хабарлады.
Еске сала кетейік, осыған дейін Желіде Алматыда болған жол-көлік оқиғасының видеосы жарияланған еді. Видеотіркеу құрылғыларының біріне Toyota Highlander көлігінің қиылыстан өтіп бара жатқанда BMW жеңіл көлігімен соғысқаны түсірілген. Кейіннен Toyota жолдың шетінде үш баламен тұрған әйелге қарай ұшып кеткен.