29 қыркүйек 2017 14:40

Алматыда жантүршігерлік жол апаты: Көлік үш баламен тұрған әйелге қарай аударылып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Желіде Алматыда болған жол-көлік оқиғасының видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Желіде Алматыда болған жол-көлік оқиғасының видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видеотіркеу құрылғыларының біріне Toyota Highlander көлігінің қиылыстан өтіп бара жатқанда BMW жеңіл көлігімен соғысқаны түсірілген. Кейіннен Toyota жолдың шетінде үш баламен тұрған әйелге қарай ұшып кеткен.

Instagram желісіндегі dorogi.kz мәліметінше, жол-көлік оқиғасы кеше, 28 қыркүйекте Алатау ауданындағы "Өжет" ықшамауданында болған.

"Toyota Highlander BMW жүргізушісіне жол бермей, нәтижесінде алған соққыдан Toyota көлігі жол шетінде тұрған адамдарға қарай ұшып кеткен. Әйел мен оның үш баласы бетон блогы мен көліктің ортасында қысылып қалған. Зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ", - делінген пабликтегі видеоның сипаттамасында.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети