21 маусым 2021 16:42

Дәрігерлер Алматыдағы субұрқақта зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Дәрігерлер Алматыдағы субұрқақтардың бірінде электр тоғынан зардап шеккендердің денсаулық жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Дәрігерлер Алматыдағы субұрқақтардың бірінде электр тоғынан зардап шеккендердің денсаулық жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің бірі - 28 жастағы әйел Орталық клиникалық қалалық ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта ол реанимацияда жатыр.

"Ол өте ауыр жағдайда. Көп жарақат алған, тіпті өміріне қауіп бар. Қазір жансақтау бөлімінде бақылауда жатыр. Біз толыққанды медициналық көмек көрсетеміз. Бүкіл дәрігер - хирургтер, нейрохирургтер, кардиологтар, невропатологтар оны емдеу үшін жұмыс істеп жатыр", - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиқызы.

Оның айтуынша, оқиға салдарынан 8 және 10 жастағы екі қыз зардап шеккен. Екеуі де түрлі деңгейдегі жарақат алған.

"Жасы үлкен қыз реанимацияда болды, қазір оны бөлімшеге ауыстырдық. Оның жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Тағы бақылап, көмек көрсетеміз. Ол қалпына келеді.

Зардап шеккендердің ең кішісі реанимацияда. Оны ертеңге дейін бөлімшеде қалдырып, жағдайын бақылаймыз. Оның да жағдайы орташа ауыр дәрежеде. Бәрі жақсы болып, денсаулығына болашақта салдары болмауы үшін дұға етеміз", - деп толықтырды Мырзағали.
 

Еске салайық, 20 маусымда әлеуметтік желілерде әйел мен екі қызды субұрқақта электр тогы ұрғаны туралы ақпарат пайда болды.

Алматы қаласы полиция департаменті бұл деректі Бостандық ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімі ҚК-нің 306-бабы 2-бөлігі "Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету" бойынша тергейтінін хабарлады.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бұл оқиғаға қатысты жазба жариялады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети