Дәрігерлер Павлодар облысында жантүршігерлік апаттан аман қалғандардың жағдайын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Павлодар облысында жантүршігерлік апаттан аман қалғандардың жағдайын айтты © instagram/ti.pavlo

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы Павлодар-Қызылорда тасжолында болған жантүршігерлік жол апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы Павлодар-Қызылорда тасжолында болған жантүршігерлік жол апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлердің айтуынша, екі ер адам жансақтау бөлімінде жатыр.

"1979 және 2004 жылы туған екі ер адам Екібастұз қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Екі науқас та әртүрлі жарақат алған. Біреуінің жағдайы өте ауыр, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Сол ауруханада травматология бөлімінде тағы екі зардап шегуші жатыр: 17 жастағы бала мен 28 жастағы ер адам. Олардың жағдайы орташа ауыр.

Ведомствоның баспасөз қызметі мәліметінше, жол апатынан алты адам зардап шеккен. Олардың арасында ауруханаға жатудан бас тартқан жігіт пен қыз бар.

Еске салайық, апат 22 қаңтарда кешкі уақытта болған, оның видеосы жарияланды. Кадрларда төңкерілген көліктің маңында бірнеше адам тұрғанын көруге болады. Осы кезде оларды асқан жылдамдықпен жол талғамайтын көлік қағып кетеді. Соқтығысу салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға жеткізілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети