16 мамыр 2021 12:53

"Добын алмақ болған". Ақтөбе облысында 11 жастағы бала өзенге батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: ves-novgorod.ru Иллюстрациялық фото: ves-novgorod.ru

Ақтөбе облысында 11 жастағы бала өзенге батып кетті, - деп хабарлайды "Мой Город".


Ақтөбе облысында 11 жастағы бала өзенге батып кетті, - деп хабарлайды "Мой Город".

Басылым мәліметінше, бала Ілек өзеніне түсіп кеткен добын алмақ болған. 

Ақтөбе облысының ТЖД хабарына қарағанда, үш бала жағажайда доп ойнаған. Бір кезде доп өзенге түскен. Балалардың бірі төмен түсіп, оны шығарып алмақ болыпты, бірақ ағынға төтеп бере алмай, суға батып кеткен.

"Балалар айғайлай бастады, көмекке шақырды. Тұрғындардың бірі баланың артынан өзенге жүгіріп, оны 2,2 метр тереңдіктен шығарып алды, алғашқы медициналық көмек көрсетті, бірақ баланы құтқара алмады. Бұған дейін, 12 мамырда, Ақтөбе қаласының маңындағы Бекқұл баба аулында 5 және 6 жастағы балалар суға батып кеткен. Қараусыз қалып, олар өзенге барған, балалар жүзе алмаған, сондықтан судан шыға алмай қалған. Олардың бірінің денесін түнде сүңгуірлер 3 метр тереңдіктен шығарып алды. Екінші баланы жергілікті тұрғындар құтқарушылар келгенге дейін шығарған", - деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети