Досына көмек сұрап хабарласқан. Алматы тауларында турист жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Досына көмек сұрап хабарласқан. Алматы тауларында турист жоғалып кетті © ТЖМ баспасөз қызметі

Іле Алатауы тауларындағы Мәншүк Мәметова шыңына жалғыз аттанған ер адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Іле Алатауы тауларындағы Мәншүк Мәметова шыңына жалғыз аттанған ер адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

18 шілдеде Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінен ер адмның тауда жоғалғандығы туралы хабарлама түскен.

"Мәншүк Мәметова көлінде түнеген 27 жастағы жігіт таңертең шыңға көтерілетінін айтқан. Кешке жақын турист досына хабарласып шыңды бағындырғанын, дегенмен оған көмек қажет екенін және өздігінен түсе алмайтынын ескерткен. Осыдан кейін ер адаммен байланыс үзілген", - делінген хабарламада.

Ақпарат бойынша, оқиға орнына 1 дана автотехника, 6 адамнан тұратын РЖҚЖ жедел тобы шықты. РЖҚЖ құтқарушылары альпинизм федерациясының (Тұйықсу базасы) альпинистерімен бірлесіп, іздестіруді бастады. Альпинистерден 2 адам жұмылды. Жедел топ Р№ 6 көліне дейін жетіп, Мәметова шыңына қарай жаяу жүріп шықты.

РОСО құтқарушылары мұздықтың түбін барлап, мұздақтарды қарап шыққаны хабарланды. Альпинистер Мәншүк Мәметова жотасының қырқасын асып өтті.

ТЖМ мәліметінше, турист "Қазселденқорғау" жұмысшыларына сөмкесін қалдырып, 18 шілдеде түске қарай қайтатынын айтып, сол қалпы оралмаған.

"Бүгін таңертең РЖҚЖ-ның екінші жедел тобы 7 адам мен 1 автотехника құрамында бірінші топпен ауысты. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары "Қазавиақұтқару" АҚ бортында Мәметова шыңын ұшып өтті", - деді ТЖМ өкілдері. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети