19 шілде 2021 14:37

Алматы тауларында жоғалып кеткен турист табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Іле Алатауы тауларындағы Мәншүк Мәметова шыңына жалғыз аттанған ер адам табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Іле Алатауы тауларындағы Мәншүк Мәметова шыңына жалғыз аттанған ер адам табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Министрлік мәліметінше, республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жоғалып кеткен ер адамды М. Мәметова шыңының мұздығынан тапты.

"Бүгін мұздықты тексеру кезінде РЖҚЖ қызметкерлерінің жаяу тобы ер адамды тапты. Ол қатты тоңып қалған, құтқарушылар оған жылы киім берді. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Бүгінде РЖҚЖ жедел тобы таудан туристпен бірге түсіп келе жатыр", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, 18 шілдеде турист Іле Алатауы тауларында жоғалып кеткен болатын. Іздестіруді РЖҚЖ құтқарушылары альпинизм федерациясының альпинистерімен бірлесіп жүргізді. Жоғалған адамды іздестіруге "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы жұмылдырылған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети