04 маусым 2021 | 17:43

Екі бала қайтыс болған жол апаты: кінәлі жүргізушіге сот үкімі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/@myizrudnogo_ Фото: instagram.com/@myizrudnogo_

Қостанай сотында патрульдік көлікпен болған жол апатына қатысты үкім шықты. Апат кезінде екі бала қаза тапқан еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай сотында патрульдік көлікпен болған жол апатына қатысты үкім шықты. Апат кезінде екі бала қаза тапқан еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ВАЗ-2115 автокөлігі тізгінінде болған Виктор Маслюкты сот кінәлі деп тапты. Патрульдік көлікпен соқтығысқан жол апатында 12 жастағы жасөспірім мен 4 жасар бала каза тапқан болатын. Жүргізушіге ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша айып тағылды.

"Айыпталушыға бес жыл бас бостандығынан айыру, 5 жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. 46-баптың 5-бөлігі 1-тармағына сәйкес қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеу тағайындалсын. Сот залында қамауға алынсын", - деп үкім шығарды судья.

Бұған дейін айыптау тарапы Виктор Маслюкті бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесуді сұраған болатын. Ер адам кінәсін мойындады.

Айта кетейік, 2020 жылғы шілдеде Қостанай - Рудный тасжолында ВАЗ-2115 пен патрульдік көлік соқтығысқан болатын. Оқиға орнында жүргізушінің 4 жасар жиені қайтыс болды, ал ауруханаға барар жолда 12 жастағы ұлы қайтыс болған. Патрульдік көлік бұрын сол жолдың 17-шақырымында болған жол апатына қарай бара жатқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети