26 шілде 2020 14:12

Төрт жасар бала қайтыс болған жол апаты: оқиғаның видеосы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Instagram / @myizrudnogo_ Фото Instagram / @myizrudnogo_

Полиция төрт жастағы бала қайтыс болған жол-көлік оқиғасының видеосын жариялады. Апатқа қызметтік көлік те қатысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Полиция төрт жастағы бала қайтыс болған жол-көлік оқиғасының видеосын жариялады. Апатқа қызметтік көлік те қатысқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төрт жасар бала қайтыс болған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша ашылған қылмыстық істі тергеу барысында полиция апаттың қасындағы "Арагви" кафесінің бақылау камераларынан бейнені зерттеп жатыр.

Апат кеше Қостанай-Рудный жолының 10-шақырымында болған. Патрульдік көлік бұрын сол жолдың 17-шақырымында болған жол апатына қарай бара жатқан.

Маяктарын қосқан қызметтік көлік жолда ВАЗ-2115 көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 4 жасар бала қайтыс болды. 12 жастағы жасөспірім мен әйел зардап шекті, полиция қызметкері де жарақат алған.

Қостанай облысының полиция департаментінде қызметтік көлікпен апатқа ұшыраған қызметкерлерге қатысты қызметтік тексеру басталды. Қылмыстық істі тергеу аясында сараптама тағайындалған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети