14 сәуір 2021 13:00

Екібастұз маңында майнингтік компания өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Сурет: Облыстық ТЖД баспасөз қызметі © Сурет: Облыстық ТЖД баспасөз қызметі

Өрт Екібастұз қаласының маңындағы Солнечный кентіндегі жеке кәсіпорын аумағында болды. Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпараты бойынша, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаның видеосын куәгерлер Instagram желісінде жариялады. Кадрлардан қою қара түтінді көруге болады. Куәгерлердің айтуынша, өрт шыққан ғимарат жергілікті МАЭС ауданында орналасқан.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт туралы хабарлама 13 сәуірде түстен кейін келіп түскен.

"Солнечный кентінде орналасқан майнинг компаниясының аумағында майнингке және қабырғаларды қаптауға арналған жабдықтар жанып кетті. Өрттің жалпы аумағы 150 шаршы метр. Оқиға болған жерге 14 адам мен 3 техника шықты", - деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Өртті сөндіруге екі жарым сағат уақыт кетті. Өрт себептері мен шығын анықталып жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети