17 тамыз 2015 | 08:45

Екібастұзда жол апаты болды: Бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Екібастұз қалалық такси паркі © Екібастұз қалалық такси паркі

Екібастұзда такси көлігінің қатысуымен болған жол апатының мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық такси паркінің әкімшілігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Екібастұзда такси көлігінің қатысуымен болған жол апатының мән-жайы анықталып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық такси паркінің әкімшілігіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы Абай мен Торайғыров көшелерінің қиылысында болды. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан Lada Priora жолаушылары бар такси көлігіне келіп соғылады. Салдарынан 24 жастағы жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі қыз аурханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің бірі жан сақтау бөлімінде жатыр, оның аяғы кесіп алынды. Екінші қыз травматология бөлімінде, дәрігерлер оның жағдайын орташа деп бағалады.

Куәгерлерді табу үшін такси паркінің әкімшілігі оқиға орнында түсірілген суреттерді әлеуметтік желілерде жариялады. "Әлеуметтік желі арқылы біз куәгер таптық, оның айтуынша, "лада" жоғары жылдамдықпен жүрген. Адамдар оның мас болғанын айтты. Біз жол апаты кезінде автомобильде полицейлердің де болғанын анықтадық, олар да мас күйде болған", - деді таксы паркінің қызметкері Светлана Шепель.

Lada Priora жүргізушісінің мас болғанын зардап шеккен жолаушы да растады. "Соқтығысқаннан кейін мен жүргізушінің біреуге қоңырау шалып, наркологиядан апат кезінде сау болғаны туралы анықтама алып беруін өтінгенін естідім", - деді қыз.

Қазіргі уақытта апатқа кінәлі адам ұсталып, қамауға алынды. Шепельдің айтуынша, қаза тапқан жігіттің артында әйелі мен төрт айлық қызы қалды.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети