Екібастұзда кішкентай бала көтерген әйелді ГАЗель қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда кішкентай бала көтерген әйелді ГАЗель қағып кетті Бейнеден кадр

Екібастұзда артқа жүріп келе жатқан ГАЗель құшағында кішкентай баласы бар әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының кадрлары әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Екібастұзда артқа жүріп келе жатқан ГАЗель құшағында кішкентай баласы бар әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының кадрлары әлеуметтік желілерде тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болды?

Бейнежазбаға дүкендердің бірінің жанынан өтіп бара жатқан әйел түсіп қалған. Ол кішкентай баланы көтеріп бара жатқан. Әйел тоқтаған кезде, артқа жүріп келе жатқан жүк көлігі оны қағып, содан кейін бірден алға қарай жүреді.

Полиция пікірі

Павлодар облыстық Полиция департаменті мәліметінше, 24 мамырда болған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, ГАЗ автокөлігінің жүргізушісі артқа маневр жасау кезінде бала көтеріп тұрған жаяужүргіншіні қағып кеткен", - деп хабарлады полиция.

Ведомствоның ақпараты бойынша, қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция өкілдері көлік қаққан кезде баланың зардап шекпегенін нақтылады. Мұны жүк көлігі қағып кеткен әйелдің туыстары да растады. Олардың айтуынша, әйел әлі күнге дейін ауруханада жатыр және оған бірнеше ота жасалуы керек.

Зардап шегушінің жағдайы

Дәрігерлердің мәліметінше, зардап шеккен адам 27 жастағы әйел болып шықты.

"1999 жылы туған пациент көптеген жарақат алған. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы тұрақталғаннан кейін травматология бөліміне ауыстырылды. Қазір жағдайы орташа ауыр дәрежеде деп бағаланып отыр. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", - деді өңірлік денсаулық сақтау басқармасы.

Зардап шеккен әйелдің туыстары оқиғаны көрген куәгерлер болса хабарласуды сұрайды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 489.56   569.58   6.85 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +23
Ақтау +22
Ақтөбе +14
Атырау +20
Б
Балқаш +32
Ж
Жезқазған +26
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +20
Қ
Қостанай +31
Қызылорда +33
П
Павлодар +22
Петропавл +31
С
Семей +32
Т
Талдықорған +28
Тараз +32
Түркістан +17
О
Орал +24
Ө
Өскемен +32
Ш
Шымкент +33

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер