06 мамыр 2021 10:22

Екібастұздықтар жұмысына неге жете алмағаны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұзда жол қызметкерлері тасжолдағы бұрылыстарды қате белгілеп шыққан. Нәтижесінде жұмысшыларға өндірістік нысандарға кіру мүмкін болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Екібастұзда жол қызметкерлері тасжолдағы бұрылыстарды қате белгілеп шыққан. Нәтижесінде жұмысшыларға өндірістік нысандарға кіру мүмкін болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тасжолдағы жолақтар полицейлер назарына түскен.

"Мердігер ұйым қолданыстағы стандарттарды бұза отырып жұмыс жүргізген. Тасжолға жолақ салу кезінде жұмысшылар өнеркәсіп кәсіпорындарының орналасқан жерін ескермеген, яғни бұрылуға болатын үзік сызық салмаған. Осыған байланысты қала тұрғындары жұмыс орнына кіре алмады", - деді Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Полицейлер ескертуінен кейін жолшылар кемшілікті жойған.

"Сонымен қатар, жол жұмыстарын жүргізу және жолдарды күтіп ұстау талаптарын орындамағаны үшін ұйымға 10 АЕК (29 170 теңге) айыппұл салынды", - деді өңірлік ПД баспасөз қызметіндегілер.

Сурет: Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінен

Полицейлердің айтуынша, сапасыз жөндеу және жолдың дұрыс күтілмеуі апатқа себеп болады. Биыл өңір полицейлері 14 мың шақырымға жуық тасжолды тексерген. Нәтижесінде бір жарым мыңнан аса кемшілік анықталған. Жолдарды күтіп ұстау және жол жұмыстарын жүргізу ережелерін бұзғаны үшін 85 лауазымды және заңды тұлғалар жазаланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети