06 наурыз 2017 11:07

Екібастұздың басты көшесінде жарылыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұздың басты көшесінде 5 наурызда жарылыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Кафе маңында орналасқан аялдама құрылысында 200 миллилитрлік газ баллоны жарылған. 

Жарылыс кезінде өрт болмады. Instagram желісіндегі "Полезный Экибастузец" парақшасында жарияланған суреттерге қарағанда жарылыс күшінен кафенің терезелері сынған.

Жарылыс кезінде демалыс орнының қызметкерлері зардап шеккен. ТЖД мәліметі бойынша, 1979 жылы туған Владимир Лимнің екі қолы мен беті күйіп қалған. 1993 жылы туған Цой Владимир бетін күйдірген. Екеуі де орталық ауруханаға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілді. Алайда ер адамдар ауруханаға жатудан бас тартты.

Оқиға салдарынан қанша шығын келгені анықталып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети