12 шілде 2021 | 14:42

"Экспонаттарды жоғалтамыз". Қастеев музейі жаңа тұрғын үй кешенімен дауласып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: tengrinews.kz Көрнекі сурет: tengrinews.kz

Алматыдағы мемлекеттік Қастеев атындағы өнер музейі іргелес орналасқан жаңа тұрғын үй кешені салдарынан зардап шегуі мүмкін. Қала тұрғындары музей желдеткіштерінен шығатын қатты дыбысқа шағымданды. Алайда музей қызметкерлері тұрғын үй кешені күзет аймағында салынғанын, сондықтан тұрғындар қиын жағдайға тап болғанын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы мемлекеттік Қастеев атындағы өнер музейі іргелес орналасқан жаңа тұрғын үй кешені салдарынан зардап шегуі мүмкін. Қала тұрғындары музей желдеткіштерінен шығатын қатты дыбысқа шағымданды. Алайда музей қызметкерлері тұрғын үй кешені күзет аймағында салынғанын, сондықтан тұрғындар қиын жағдайға тап болғанын айтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маусымның соңында Қастеев атындағы өнер музейі жанында орналасқан Central Esentai Residence ТК тұрғындарынан Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне шағым түскен. Олар көрме ғимараты жанында орналасқан салқындату және желдеткіш жүйесінен шығатын шуға наразы. Санитария дәрігерлерінің айтуынша, шағым түскеннен кейін олар нысанды тексеруге барған.

"Тұрғындардан тұрақты түрде шуыл естілетіні туралы шағым түсті. Осыған байланысты тексеру жүргізілді, ол прокуратурада тіркелді. Дыбыс мөлшері өлшеніп, рұқсат етілген нормалардан асқаны анықталды. Ол - 40 децибел. Бір жерде 46 децибел, екінші жерде 48 децибел тіркелді. Одан кейін мұражайға 230 АЕК (670 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды және 30 күндік мерзімде заңбұзушылықтарды жою туралы ұйғарым берілді", - деді Алматы бас санитария дәрігерінің орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

Мұражай ғимараты жанында орнатылған желдеткіштер.

Сурет: Azattyq Rýhy

Қастеев атындағы өнер музейі де осы жағдайға қатысты пікір білдірілді. Онда көрме павильонының ғимараты 1976 жылы салынғанын, ал ТК тек 2020 жылы пайдалануға берілгенін хабарлады.

"Музейдің салқындату және желдету жүйесі 1976 жылы жүргізілді. Бұл ғимараттың тіршілігін қамтамасыз етеді, ал ғимараттың сыртында тұрған қазіргі желдеткіштер 2008 жылы орнатылды. Олар штаттық режимде жұмыс істейді, жыл сайын профилактикалық қызмет көрсетуден өтеді және өндірушінің сипаттамаларына сәйкес келеді.

Мұндай қондырғылар әлемнің барлық музейінде бар. Олар ұлттық мәдени мұраны сақтаудың кепілі, оның ішінде экспонаттар да, мұражайдың өзі де бар", - деді мұражайдың баспасөз қызметіндегілер.

Бұл жерде "Тарихи-мәдени мұра нысандарын қорғау және пайдалану туралы" заңға да сілтеме жасалады. Осы құжатқа сәйкес мұражай ғимараты күзет аймағымен, құрылысты реттеу аймағымен және қорғалатын табиғи ландшафт аймағымен қоршалған.

"Central Esentai Residence тұрғын үй кешені мұражай ғимаратынан 38 метр қашықта орналасқан. Ол 44 метр болуы керек Республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішінің қорғау аймағында тұрғызылған. Яғни, мұражай ғимаратынан 44 метр қашықта құрылыс салуға болмайды. Сондай-ақ, күзет аймағында жаңа құрылыс жұмыстарына тыйым салынады, ал қорғалатын табиғи ландшафт аймағында ландшафт, сумен жабдықтау жүйесі, өсімдіктер және режиммен көзделген басқа да элементтер сипатының өзгеруін тудырмайтын қызметке ғана жол беріледі.

Егер тұрғын үй кешені алыс тұрса, онда тұрғындардың ешқайсысына кедергі болмас еді. Бірақ желдеткіштер өте қатты дыбыс шығарады. Дегенмен олар 2008 жылы орнатылғанын атап өткен жөн. Мұражай онсыз өмір сүре алмайды, өйткені бізде XV-XVI ғасырлардағы суреттер, қолданбалы өнердің басқа да экспонаттары бар. Олар тоңазытқыштар қамтамасыз ететін температурада сақталады. Егер оларды алып тастасақ, онда экспонаттарды жоғалтып аламыз", - деді музей өкілі.

 Алайда осыған қарамастан, 2 шілдеде музейге айыппұл салынып, бұйрық шығарылған. Басшылық айыппұлды қысқартылған тәртіпте, яғни бірінші аптада 50 пайыздық жеңілдік құқығын пайдалана отырып, соманың жартысын төлеген.

Баспасөз қызметі қазіргі уақытта музей басшылығы мәдениет және спорт министрлігімен бірге мәселенің шешімін іздеп жатқанын айтты. Бірақ бұл уақытты қажет етеді.

"Бұл 100 мың теңге тұратын үй тоңазытқыштары емес, күрделі және қымбат құрылғылар. Мұндай арнайы тоңазытқыштардың шусыз нұсқалары 40 миллион теңгеден жоғары тұруы мүмкін. Ондай ақша бірден бөлінбейді, оны бірлесіп шешу керек", - деді музей өкілі.

Central Esentai Residence ТК

Сонымен қатар, Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы көп қабатты тұрғын үй кешені ережелерді бұзбай салынғанын мәлімдеді.

"Учаске заңды тұлғаға тиесілі. Central Esentai Residence тұрғын үй кешені ауданның бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес 2018 жылы учаскенің нысаналы мақсатына сәйкес және оның шекараларында салынды. Жобалауға арналған құжаттар құрылыс салушыға заңнамаға сәйкес берілді. Барлық жоба құрылыс басталар алдында заңнамаға, оның ішінде "құрылыс нормалары мен ережелеріне" сәйкестігіне мемлекеттік сараптамадан өтеді.

Бұл учаскенің шекарасы Қастеев атындағы өнер музейі жер учаскесінің шекарасына түспейді", - деді ведомство өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети