16 шілде 2021 17:05

Қастеев музейі мен жаңа тұрғын үй кешені дауына шешім табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: tengrinews Көрнекі сурет: tengrinews

Алматыдағы Қастеев атындағы өнер музейінің іргесінен салынған жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысшысы өз есебінен арнайы дыбыс азайтатын жүйе орнатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы Қастеев атындағы өнер музейінің іргесінен салынған жаңа тұрғын үй кешенінің құрылысшысы өз есебінен арнайы дыбыс азайтатын жүйе орнатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Музей өкілінің айтуынша, мәселе БАҚ-та жариялағаннан кейін тараптар келіссөз үстеліне отырып, оны шешу жолдарын талқылаған.

"Біз дыбыс азайтатын арнайы экрандарды орнату ең жақсы нұсқа деген қорытындыға келдік. Олар тоңазытқыш жабдықтары айналасына құрылады. Іс жүзінде бұл осындай жағдайларда кең таралған шешімі. Құрылыс салушы қазірдің өзінде есептеу жүргізетін мамандарды тартты. Кеше, 15 шілдеде құрылысшылар тіректерді орнатуға дайындықты бастады. Келісім нәтижесі бойынша жұмыс басталып кетті", - деді музей бас директорының орынбасары Нұржан Сатыбалды.

Ол құрылыс-монтаждау және өзге де жұмыстарға жұмсалатын барлық шығынды тұрғын үй кешенінің құрылысшысы өз мойнына алатынын атап өтті.

"Арнайы экран қойылғаннан кейін дыбыс азаяды деп үміттенеміз. Тартылған сарапшылардың айтуынша, мұндай құрылымдар тиімділігі 30-дан 50 пайызға дейін", - деді Сатыбалды.

Музей маңында тұрғын үй кешенін салған EC Energy Qazaqstan компаниясы дыбысты азайтатын экрандарды орнатуға шамамен 3-3, 5 миллион теңге жұмсалатыны хабарланды.

Еске салайық, 12 шілдеде Қастеев музейі жаңа тұрғын үй кешенімен дауласып жатқаны хабарланған болатын. Қала тұрғындары музей желдеткіштерінен шығатын қатты дыбысқа шағымданды. Алайда музей қызметкерлері тұрғын үй кешені күзет аймағында салынғанын, сондықтан тұрғындар қиын жағдайға тап болғанын айтқан. 

Кейін Мәдениет және спорт министрлігі Алматыдағы Қастеев атындағы өнер музейі төңірегіндегі жанжалға қатысты пікір білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети