Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Эллина Күлдинаны іздестіру жұмыстары: Өзен суының деңгейі 1,2 метрге төмендеді

17 Мамыр 2016, 12:34
0

Нұра өзеніндегі су торабының шлюзін ашқан соң су деңгейі 1,2 метрге төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Эллина Күлдинаны іздестіру жұмыстарына көмектесіп жатқан еріктілерге сілтеме жасап.

Өзеннің жағасында іздестіру жұмыстарын жалғастыру үшін тағы еріктілер мен балық аулайтын аулар қажет болып тұр. Бүгін сағат 12-де ҚТЖ ғимараты жанынан іздестіру жұмыстарына екі шағын автобус шықты. Қызды іздестіруге көмектесемін деушілер болса, мына номерге хабарласа алады: +7 701 222 05 21 - Айгүл.

Еске салайық, қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат 10 мамырда белгілі болды. Целиноград аудандық ішкі істер бөліміне 2014 жылы дүниеге келген Эллина Күлдинаның Нұра өзенінде суға батып кеткені туралы хабарлама түскен болатын. Қыздың отбасымен болған демалыста жоғалғаны анықталды. Балық аулағаннан кейін, қыздың ата-анасы үйге жиналып, заттарын көлікке сала бастаған. Бірақ қыздың жоғалып кеткенін кейіннен байқайды. Ал 12 мамыр күні Эллина Күлдинаның мойынорағышы өзеннен табылған болатын.

Қызды іздестіру жұмыстарына полиция қызметкерлері, Ақмола облысы мен Астана қаласының құтқарушылары және еріктілер көмектесіп жатыр. Еріктілер елорда тұрғындарынан да ҚТЖ ғимараты мен "Салтанат сарайының" алдына жиналып, іздестіру жұмыстарына көмектесуін сұрады. Сонымен қатар, Астана қаласының Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері іздеу жұмыстарына қатысатыны жайлы хабарлады.

Еске салайық, 16 мамырда қызды іздестіру жұмыстары үшін Нұра өзеніндегі Преображенский су торабының шлюзін ашу қажеттігі туралы айтылған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай