06 шілде 2016 16:49

Елорда күні Астанада жауған бұршақ аралас жаңбыр тұрғындарға ерекше әсер қалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер жолдаған сурет Куәгер жолдаған сурет

Елорда күні Астана тұрғындарын бұршақ аралас жаңбыр таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Елорда күні Астана тұрғындарын бұршақ аралас жаңбыр таңғалдырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астананы қара бұлт басып, жаңбыр шамамен сағат 13.30-да басталған. Толассыз жауған жауынның салдарынан кейбір көшелер су астында қалған. Әлеуметтік желі тұрғындары бірден оқиға орнынан суреттерді сала бастады.

Елорда тұрғыны Аягөз Өсербаеваның айтуынша, адамдар жауынның астында қалмас үшін "Хан Шатыр" сауда үйінің жанындағы сахнаның астында тұрған. Онда концерт өтуі керек болған екен. "Шатырдың астына қарай көп адам жүгіріп барды. Бастапқыда күзетшілер бізді өткізбеді, бірақ кейіннен өткізді. Адам толып кетті. Содан айтыс басталуы керек болатын сахнаға жүргізуші шығып, халықты тыныштандыра бастады. Кейіннен барлығы ән айта бастады. Барлығының көңіл-күйі жақсы. Ауа райы кедергі келтірген жоқ. Әрине, бұл күн есімізде қалады", - деді куәгер.

Ал YouTube қолданушысы Nura Poshan жүктеген видеоның кадрларынан жауын мен бұршақты көруге болады. Толассыз жауып жатқан жауынның куәгері барлығын Астана күнімен құттықтады.

Автокөліктің ішінде түсірілген видео. Бұршақ көліктің терезесіне тиіп жатыр.


Видеоның кадрларынан Астана көшелерінің жауынның нәтижесінде бассейнге айналып кеткенін көруге болады.

Тұрғындар аяқ-киімімен судың астында қалмау үшін су басқан көшелерде жалаң аяқ жүре бастаған.

Айта кетейік, Астана уақыты бойынша сағат 15.50-де толассыз жауған жаңбыр тоқтады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети