04 маусым 2020 16:22

Елордада жол талғамайтын көлік аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласында жол апаты салдарынан Volkswagen Touareg көлігі аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласында жол апаты салдарынан Volkswagen Touareg көлігі аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқыс оқиға 3 маусымда кешкі сағат 19.30-да болған.

"Volkswagen Touareg маркалы көлігін тізгіндеген 50 жастағы жүргізуші Тұран даңғылы бойымен жүріп бара жатқан. Алайда ол Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында "тек оңға бұрылу керек" деген жол белгісіне қарамай солға бұрылған. Салдарынан 24 жастағы жүргізуші басқарған Mercedes-Benz көлігіне соғылған. Ол тура жүріп бара жатқан", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің қызметкерлері.

Жол апатынан ешкім зардап шекпеген.

Volkswagen Touareg жүргізушісінің үстінен ҚР әкiмшiлiк құқық бұзушылық кодексінің 610 бабы 1 тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети