Белгілі әнші Ернар Айдар жол апатынан зардап шекті. Болған жайтты Tengrinews.kz тілшісіне әншінің директоры Жазира Еркін растады.
Белгілі әнші Ернар Айдар жол апатынан зардап шекті. Болған жайтты Tengrinews.kz тілшісіне әншінің директоры Жазира Еркін растады.
Оқиға 12 сәуірде Алматы-Шымкент тасжолында болған. Жазира Еркіннің айтуынша, Ернар Айдар ағасымен бірге үйлеріне қайтып бара жатқан. Ауа райы нашар болғандықтан Toyota Land Cruiser 200 жүргізушісі рөлге ие бола алмай жолдан шығып кеткен.
Жүргізушінің жарақаты жеңіл. Ал Ернар Айдардың ағасының қабырғалары сынған. Әншінің өзі Алматының ауруханаларының бірінде жатыр.
"Қазір оның жағдай ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Алдын ала диагноз - омыртқасы сынған. Кешеден бері осындамыз, ешкімді кіргізбей жатыр", - дейді әншінің директоры.