24 мамыр 2022 09:04

"Есептеуде қате кеткен" - БҒМ Павлодарда "Алтын белгіге" үміткерге қойылған төрттік туралы

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews ©Tengrinews

Білім және ғылым министрлігі өкілі Павлодарда "Алтын белгіге" үміткерге неге төрттік қойылып кеткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Білім және ғылым министрлігі өкілі Павлодарда "Алтын белгіге" үміткерге неге төрттік қойылып кеткенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, оқушы 6-сыныпта оқып жүргенде, информатикадан "жақсы" деп саналатын төрттік баға алған. Нәтижесінде, 6 жылдан кейін баға қою кезіндегі арифметикалық орташа есептің дұрыстығы күмән тудырған.

БҒМ өкілі ҚР БҒМ №125 бұйрығына сәйкес, мектеп құжаттарын қайта қарауға жол берілмейтінін атап өтіп, ата-аналар қысым көрсетіп, бағаларды қайта қаратуға мәжбүрлейтін жағдайды заңсыз деп санайтынын айтты.

"Мұғалімдер өз жұмыстарын атқарып жатыр, сондықтан оларға кедергі келтірмеуіміз керек", - деді Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының орта білім мазмұны институтының директоры Әлия Чокушева.

Сонымен қатар, ол ведомство білімді объективті және әділ бағалауды қолдайтынын атап өтті. Павлодарлық түлекке қатысты жағдайда, барлық бағаны қосу және тоқсандық бағаны есептеуде қате жіберілген.

Чокушеваның айтуынша, қазір бағалау процесі автоматтандырылған. Мектептерде "Күнделік" электрон журналдары қолданылады. Ал талаптарды бағалау 2016 жылы енгізілген.

Еске салайық, бұған дейін Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ерекше істі қарағаны хабарланған болатын. 

"Алтын белгіге" үміткер павлодарлық 11-сынып оқушысының анасы информатика пәнінен қойылған төрттік бағадан кейін Білім басқармасының үстінен шағымданған. Сот оқушының мүддесін қорғаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети